420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кезекші сыныптарға тек 1-2-сынып оқушылары қабылданады

  • 338
  • UPD: 15:29, 21.08.2020
Алматыда кезекші сыныптарға тек 1-2-сынып оқушылары қабылданады

Алматыдағы кезекші сыныптар тек 1, 2-сыныптың оқушыларын қабылдайды.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Жұмыс істеп жүрген ата-аналардан кезекші сыныптарды ашу туралы өтініштер келіп түсті, соған байланысты жалпы білім беру мектептеріндегі бірінші және екінші сынып оқушыларына кезекші сыныптар ашу туралы шешім шығарылды. Арнайы түзету мектептері мен интернаттарындағы бастауыш сыныптардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілді», - деді Жұманов.   

Хабар 24 телеарнасы