426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі өтті

  • 265
  • UPD: 00:03, 22.08.2020

Бүгін елімізде ауылдық мектеп оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі өтті.

Онда алғашқы сыннан үздік шыққан 5 мың бала бақ сынады. Білім бәйгесі аудан орталықтарында санитарлық талаптарға сай компьютерлік тестілеу арқылы өткізілді. Нәтижесі алдағы күндері белгілі болады. Осы жолы үздік шыққандар «Білім-инновация», «Дарын» лицейлері мен республикалық физика-математика мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Жоба дарынды балаларды қолдауға бағытталған. Олимпиаданың алғашқы кезеңі жыл басында өтті, ол кезде сынға жалпы саны 295 мың бала қатысқан.

Хабар 24 телеарнасы