429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Әліппе» мектептерде қашаннан бастап оқытылады

  • 260
  • UPD: 17:23, 21.08.2020
«Әліппе» мектептерде қашаннан бастап оқытылады

2021 жылдың жаңа оқу жылында 1-сынып оқушылары сауатын «Әліппемен» ашатын болады.

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, биыл 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар жаңа бағдарламамен оқуға көшетін болады. Мұнан бөлек, мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізілді. Ол өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілді. Бүгінгі күні біз осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір оқулықтарды, бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Келесі жылы осы оқулықтар, бағдарламалар біздің барлық 7 мың мектепте қолданылатын болады», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Хабар 24 телеарнасы