420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кезекші топтар тек I, II кластар үшін ашылады

  • 140
  • UPD: 18:57, 21.08.2020

Алматыда кезекші топтар тек 1 және 2-класс оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте қалалық Білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Қайрат Жұманов хабарлады.

Сондай-ақ түзету мектептері мен интернаттардағы бастауыш класс оқушылары бұрынғыдай қалыпты жағдайда оқи береді. Кезекші класс бала саны 15 оқушыдан аспайды. Қоңырауға әр топ әртүрлі уақытта шығады. Бөлме ішінде де бір-бірінен алшақ отырады. Өтінішті класс жетекшісіне мессенджер көмегімен беруге болады. Ал басқа оқушылар қашықтан оқиды. Бүгінгі таңда алматылық 75 мыңнан астам бала мен 2 мыңнан астам мұғалімге  компъютер жетпейтіні анықталып отыр. Осы мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.  

Қайрат Жұманов, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Жиырма мыңнан астам компьютер жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынуда. Барлық келісім-шарт бекітілді. Жақында жеткізіп береді. 38 мыңнан астам компъютерлік техника Үкіметтің резервтік қорынан бөлінген қаражатқа алынады. Ал мектептердегі 14 мың компьютерді балаларға уақытша пайдалануға береміз.

Хабар 24 телеарнасы