420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша 237 мектеп апатты жағдайда тұр

  • 173
  • UPD: 23:48, 21.08.2020
Қазақстан бойынша 237 мектеп апатты жағдайда тұр

Елде қазір апатты жағдайда тұрған 237 мектеп бар. Тамыз кеңесінің пленарлық отырысында айтылған тағы бір мәселе осы. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, мұндай мектептер негізінен Батыс Қазақстан облысы, Түркістан, Атырау және Жамбыл облысында басым. Осы мәселені шешу үшін елімізде 800 мектеп салынады.   

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: 

- Сондай-ақ тамыз кеңесінде сала басшысы Асхат Аймағамбетов баяндама жасап, өткен оқу жылындағы көрсеткіштер мен жаңа оқу жылына арналған жоспарларды баяндады. Министр өткен жылы екі маңызды құжат қабылданды деді. Біріншісі білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы, екіншісі педагог мәртебесі туралы заң. Соңғысы бірқатар оң өзгерістерге себеп болды. Мәселен, биыл педагогика мамандығын 1500 «Алтын белгі» иегері таңдапты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есе көп. Сондай-ақ келесі жылдан бастап бастауыш сыныптың оқушылары әліппе мен ана тілін оқиды. Қазір оқулықтар мен оқыту бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы