428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында екі ауылдың балалары мектепке қатынап оқиды

  • 246
  • UPD: 10:41, 23.08.2020
Маңғыстау облысында екі ауылдың балалары мектепке қатынап оқиды

Маңғыстаулық оқушылар қашықтан білім алады. Маңғыстау ауданындағы  Бекі ауылы мен Қарақия ауданындағы Аққұдық ауылының оқушылары дәстүрлі түрде оқытылады.

Мектепте барлық санитарлық талаптарды сақтау үшін мемлекет 6,2 миллион теңге бөлді. Қашықтан оқытуға келер болсақ, ол үшін көптеген жұмыс жасалып жатыр. Балаларға оқулықтар беріліп, интернет желісі жүргізілмеген оқушылары бар үйлерге роутерлер сатып алынуда. Интернетпен қамту бойынша облыс  аумағында  талдау жасалып, 14 250 отбасының үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі төмен екені анықталды. Сол себепті жергілікті бюджеттен қаржы да бөлінді.

Асқар Сейдалиев, білім басқармасының басшысы:

- Жалпы саны облысқа 35829 компьютер алынатын болады. Бұл компьютерлік құрылғылар екі көзден алынады. Бірі республикалық Президенттің тапсырмасы бойынша, Республикалық резервтен қаржы бөлінді. Соған 22 мыңнан астам компьютерлік құрылғы алынады. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен де 1 жарым млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8100 компьютер алынады. Қазір барлық аудан қала бойынша келісім-шартқа отырып, конкурсты рәсімдеу процестері жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы