426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандарының саны артады

  • 162
  • UPD: 11:43, 24.08.2020
Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандарының саны артады astana.gov.kz

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады, 26 білім беру нысаны жөнделіп, инклюзивті білім беру кабинеттері ашылады.

Бұл туралы тамыз айындағы онлайн-кеңесте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Егер былтыр инклюзивті біліммен қамту 80% болса, биыл біз бұл көрсеткішті 100% деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының бастамасымен екі жаңа мектептің негізінде 1 қыркүйекке дейін 30 орындық 2 инклюзивті қолдау бөлмелері ашылады. Шілдеден Асыл Мирас кабинеті жұмыс істей бастады, онда халықаралық сертификатқа ие және заманауи әдістемелерді меңгерген мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ қыркүйек айында зияткерлік қабілеті төмен 100 балаға арналған №3 арнайы мектеп ашуды жоспарлап отырмыз, күзде көру қабілеті нашар балаларға арналған балабақша ашамыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында елордалық мектептерде қосымша білім берудің 8 филиалы және тағы 2 қоғамдық орталық ашылады. Сонымен қатар жаңа нысандардың бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылуда: балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық нысандар және т.б.

Жалпы, биыл былтырғыға қарағанда мектептер екі есе көп салынады – 12 мектеп, 2021 жылы да осы мөлшерде салынады. Бұл шаралар жүктемені айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар биыл 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделеді.

Хабар 24 телеарнасы