426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 34 мыңнан астам оқушы әлеуметтік көмек алады

  • 183
  • UPD: 14:43, 24.08.2020
Елордалық 34 мыңнан астам оқушы әлеуметтік көмек алады

Бас қалада әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 34 мыңнан астам компьютер сатып алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютер және роутермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алтай Көлгінов мәлімдеді. Ал 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Ведомство басшысының айтуынша, әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден беріледі. «Мектепке жол» акциясы аясында 7 мың балаға көмек көрсетіледі. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылатын болады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады. «1 қыркүйекке дейін 30 орындық 2 инклюзивті кабинет ашылады», - деді қала әкімі.

Хабар 24 телеарнасы