426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік 77 мың оқушыға компьютер жетіспейді

  • 228
  • UPD: 15:28, 24.08.2020
Шымкенттік 77 мың оқушыға компьютер жетіспейді

Осыған байланысты Білім басқармасының қызметкерлері оларға мектеп компьютерлерін беру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы  жаңа оқу жылына 42 мың данасы сатып алынды. Сонымен қатар білім ошақтарында интернеттің жылдамдығын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін базалық станциялар орнатылады. Қазіргі таңда жер учаскілері белгіленді. Ал, шалғай елді мекендерге қосымша нүктелер тартылып жатыр.

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Шымкент қаласының аймағында орналасқан 30 шақты елді мекендер бар. Сол елді мекендерде бүгінгі күні білім ұйымдарында білім алушыларымызға әжептәуір проблема тудыруы мүмкін. Осы бағытта «Қазақтелеком» арнайы роутерлерді және мынау флешкалармен және арнайы желі тарту жұмыстарын жүргізсе, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан арнайы станциялар қою туралы тапсырма беріп, арнайы жер мәселесі рәсімделіп, шұғыл түрде жұмыстар қолға алынуда.

Хабар 24 телеарнасы