426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қанша оқушы кезекші сыныптарға барады

  • 211
  • UPD: 12:44, 27.08.2020
Елімізде қанша оқушы кезекші сыныптарға барады

Елімізде оқушылардың 80 проценті қашықтан оқиды.

Нақтырақ айтқанда 2,6 млн оқушы. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОҚК брифингінде айтты.

«Оқушылардың 15 проценті кезекші сыныптарға баратын болды. Олардың ата-аналары өздерінің өтініштерін беріп отыр. Бұл 530 мың баланы құрайды. Ал оқушылардың 5 проценті, яғни 202 мың бала дәстүрлі форматта оқитын болады. Олар – шағын жинақты мектептерде оқитын балалар»,  - деді министр.

Еске салсақ, елімізде ата-аналарының өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда дәстүрлі түрде оқи алады.

Хабар 24 телеарнасы