428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министр кезекші сыныптардың жұмысын түсіндірді

  • 263
  • UPD: 12:59, 27.08.2020
Министр кезекші сыныптардың жұмысын түсіндірді

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптардың ерекшеліктерін түсіндіріп берді.

«Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те, бұл жерде бірнеше өте қатаң талап қойып отырмыз. Өйткені бізге ең бастысы қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан, біріншіден, үзілістер әртүрлі уақытта болады. Сабақ та әртүрлі уақытта басталады. Екіншіден, сабақтың ұзақтығы 40 минутқа дейін болады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек екенін де еске салды.

«Балалар бір кабинетте ғана оқитын болады. Әдеттегідей, бір кабинеттен екінші кабинетке барып оқытуға жол бермейтін болып шештік. Күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті шаралар қолданылады», - деді.

Бұған дейін елімізде қанша оқушы кезекші сыныптарға баратынын жазған болатынбыз. 

Хабар 24 телеарнасы