426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа оқу жылында 2 млн 600 мың бала қашықтан білім алады

  • 260
  • UPD: 14:25, 27.08.2020
Жаңа оқу жылында 2 млн 600 мың бала қашықтан білім алады

Қыркүйектің бірінен бастап еліміз бойынша 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, оқушылардың 80%-ін онлайн сабаққа дайындап жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бастауыш сыныптың 530 мың оқушысы кезекші сыныпқа барады. Олардың ата-анасы осындай шешім қабылдаған. Ал, эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі түрде білім береді. Яғни, 202 мың бала мектеп партасына отырады. Онлайн сабақтың екі түрі бар. Бірі интернет платформа арқылы онлайн оқыту болса, екіншісі – телесабақ. Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Ал, телесабақ бағдарламасын «Хабар» агенттігі түсіріп жатыр. Телесабақтар «Еларна» және «Балапан» арналарынан көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы