421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айжан Есмағамбетова: Мектептерде санитарлық талап сақталуы тиіс

  • 159
  • UPD: 14:26, 27.08.2020
Айжан Есмағамбетова: Мектептерде санитарлық талап сақталуы тиіс

Кезекші сыныптар мен дәстүрлі білім беретін ауыл мектептерінде санитарлық-дезинфекциялық талап қатаң сақталуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір сыныпта 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Бала саны көп болған жайғдайда сынып екі топқа бөлінеді. Бұл туралы еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Оқушылар тек бір кабинетте ғана отыруы тиіс. Басқа кабинеттерге ауысуға тыйым салынады. Сыныптар үшін үзіліс әртүрлі уақытқа белгіленеді. Сабақтың басталу уақыты да әртүрлі кезеңге қойылады. Сынып бөлмелерін жиі желдетіп, тазалап отыру міндетті. Балаларға маскасыз отыруға болмайды. Мектепке кіреберісте және кабинеттерде санитайзерлер болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы