424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте мың орынға арналған мектептерде 5 мың балаға дейін оқиды

  • 152
  • UPD: 21:02, 27.08.2020

Шымкентте оқу сыныптары жетіспейді. Казірдің өзінде 43 білім беру мекемесі «бала саны шектен тыс көп мектептердің» тізіміне енген. Жергілікті басшылык мұны білім алушылардың көптігімен түсіндіріп отыр. Мәселен, сыйымдылығы мың орынға лайықталған оқу ошақтарында 4-5 мың бала оқиды. Биыл кей өңірлерді бұл жағдай одан сайын қиындай түскен.  Тұрғыны көп мегополистегі жағдайды тілшіміз баяндасын.

Бұл Шымкенттегі бала саны көп мектептердің бірі. №1 гимназия 1100 орынға лайықталған. Бірақ мұнда төрт мыңнан астам бала білім алады. Мектеп директорының айтуынша, биыл жағдай тіпті қиын. Оқу бөлмелері жетіспейді. Қазір балаларды оқытатын орын таппай отыр. 

Гүлназ Әбілдаева, №1 мектеп-гимназияның директоры:

- Барлық оқимын деп келген балаларды алуға мүмкіншілігіміз жоқ. Біз ойлаймыз бұл өзінің шешемін табады. Өйткені ғимаратты жалға алуға мүмкіншілік болса, оқытуға болады. Бірақ бүгінгі таңда балаларды оқыту үшін мектеп ғимараты жеткіліксіз.

Бала санының көптігіне байланысты мектепке айыппұл да салынды. Сондықтан  басшылық биылғы оқу жыл 1 сыныпқа баратын бала санына шектеу қою туралы шешім қабылдады. Ал бұл ата-аналардың наразылығын тудырды.

Тоғжан Нарбекова, қала тұрғыны:

- Біз 20, 23 және осы 1 мектеп-гимназиясына келіп тұрмыз. Ешқайсысында орын жоқ. Қабылдамай жатыр.

Шымкенттегі білім саласындағы түйткілді мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде де талқыланды. Биыл бюджет қаржысын жымқырған, ақша бопсалаған 11 мектеп диреткорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Асхат Жұмағали, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы:

- Біз мектептерде бала санының шектен тыс көбейгенін көріп отырмыз. Біздің ойымызша бұл жерде белгілі бір мөлшерде сыбайлас жемқорлыққа жол беру мүмкіндігі жоғары. Себебі білім беру мекемелерінің басшыларына әкімшілік-экономикалық және бөлу жұмыстары қарайды. Оның үстіне жанбасына қаржыландыру әлі бар.

Бұл мәселенің барлығы мегаполистегі  халық санының күрт өсуімен байланысты. Ал білім басқармасының басшылары мәселе шешіліп жатыр дейді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жақын арада бірнеше мектептер салынбақ.

Жанат Тажиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Жылда 12 мыңнан артық бала келеді. Білім ұйымдарында қажеттік өте жоғары. Бұл қажеттілікті жергілікті әкімшілік тарапынан толық жою мақсатында жоспар құрылған. 3 жылдың ішінде 47 мектеп салынады. Биыл соның 8-і пайдалануға берілсе, қалған бесеуі 2021 жылға өтпелі болып отыр.

Жоспар алдағы үш жылға арналған. Алайда жаңа мектептерге маман тарту мәселесі қалай шешілетіні әлі белгісіз. Бірақ қалалық білім басқармасына қарасты мұғалімдерді жұмысқа қабылауға арналған сайтта үш жүзден астам бос жұмыс орындары көрсетілген.

Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов, Нурмахан Бекмуратов

Хабар 24 телеарнасы