420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: мектептер жаңа форматтағы оқу жылына дайын

  • 176
  • UPD: 22:28, 27.08.2020

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің барлығы қашықтан және штаттық режімде білім беруге әзір. Бұл туралы жаңа форматтағы жаңа оқу жылына дайындықты пысықталған  тамыз конференциясында мәлім болды.

Онлайн түрде өткен жиынға барлық білім  беру орындарының өкілдері қатысты. Онда пандемия кезінде  білім беру орындарының жұмыс істеу тәртібі жайлы бүге-шігесіне дейін айтылды.

Биылғы оқу жылы  бұрынғыдан өзгерек. Облыстағы 647 мектеп осы бір сындарлы сәтке сақадай дайын. Ауыл аймақтағы 370-тен астам мектеп штаттық жағдайда жұмыс істейді. Ал 270-тен астам білім ошағы қашықтан оқыту әдісіне көшпек. Тек бастауыштың оқушылары үшін кезекші кластар жұмыс істейді.

Сәуле Досқалиева, Глубокое ауданы О.Бөкейхан атындағы орта мектеп директоры:

- Яғни мұғалім сыныбында 24 бала болса, олар он екі он екіден бөлінеді, он екі баламен бір бөлек жұмыс істеп, қалған 12 баламен бір жұмыс жасайы, қалған үйде отырған балаларды қашықтықтан оқытып жұмыс жасайды.

Балаларын кезекші сыныпта оқытуға орай 44 мың ата-анадан өтініш түсіпті. Ол жерлерде қатаң санитарлық талаптар бекітілген. Дезинфекциялық заттардың болуы, бала денсаулығының қадағалануы шарт. 55 жастағы мұғалімдер штаттық жұмысқа жіберілмейді. Ал жоғарғы жылдамдықтағы ғаламтор желісімен жабдықтау бірінші қыркүйекке дейін толық аяқталмақ.

Сайрангүл  Жұмаділова, білім беру басқармасының  басшысы:

- 52 ауылдың интернет желісі 4 мГб жоғары болады. Оған облыстық бюджеттен 136,6 миллион теңге қаражат қарастырылды. Сондай-ақ қосымша қазір компьютерлер алуға жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірінші қыркүйекке дейін 26 мыңнан астам компьютер алынатын болады, таратып мектептерге үлгереміз деп ойлаймыз.

Айта кету керек, биыл 423 білім  беру нысаны жөндеуден өтті. Бұл үшін өткен жылғыдан бесе есе артық яғни 11 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды. 

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы