426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада оқушыларды компьютерлермен қамту қалай жүргізіліп жатыр

  • 235
  • UPD: 15:10, 28.08.2020
Елордада оқушыларды компьютерлермен қамту қалай жүргізіліп жатыр

Елордада қашықтан оқитын оқушыларға 9 мыңнан астам компьютер таратылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Компьютерлердің қажеттілігіне мониторинг жүргізілді. Осы мақсатта 34 472 дана компьютерлік техника сатып алуға шарттар жасалды. Бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары 100 процент қамтылады. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға және білім берудегі ерекше қажеттілігі бар балаларға міндетті түрде береміз», - деді.

20 тамыздан бастап елордалық мектеп оқушыларына компьютерлік техника, ал 25 тамыздан бастап роутерлер таратыла бастаған.

«Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам компьютер, 13 300 роутер таратылды. Бұл жұмыстар жалғасады», - деді Шолпан Қадырова.

Хабар 24 телеарнасы