420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жаңа оқу жылы 490 мектепте басталады

  • 203
  • UPD: 00:05, 29.08.2020
Қостанай облысында жаңа оқу жылы 490 мектепте басталады

Оқушылар үшін жазғы демалыстың аяқталуына санаулы күндер қалды. Қостанай облысында жаңа оқу жылы 490 мектепте басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым бөлігінде сабақтар дәстүрлі форматта өтеді. Бұл тізімде ауылдық шағын жинақты 265 білім ордасы бар. Оларда 16 мыңнан аса оқушы оқиды.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

- Ұзынкөл ауданына қарасты Федоров орта мектебі шағын жинақты. Мұнда небәрі 70 оқушы білім алады. Мектеп 20 жыл бойы бір ауысымда жұмыс істеп келді. Биылдан бастап екі ауысымдық жүйеге көшпек. Оқушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін осындай қадам жасалды.

Руслан Нұрғазин, Федоров ауылының мектеп директоры:

- Осы кабинетте ең көп балалы сынып болады. 10 бала. Сонда біз әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында тағы төрт парта әкелеміз. Үш қатар қоямыз. Аралары бір метрден кем болмауы үшін. Не үшін үш парта қоямыз? Артқы парта тақтаға жақын болсын деп. Санитайзерлер дәлізде болады. Мұнда антисептик қана болады.

Ұзынкөл ауданында 21 мектеп бар. 15-і шағын жинақты болғандықтан дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Оларда пандемияға байланысты санитария шаралары күшейтіледі. Мектеп іші үш мезгіл тазаланып, кварц шамдарымен өңделеді. Маскалық режим де қатаң ескеріледі. Аудан зарасыздандыру құралдарын сатып алуға 2 млн теңге жұмсамақ.

Ботагөз Дүзенова, Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің басшысы:

- Жақын арада санитайзерлер, антисептик, кварц шамдары, маска, қолғаптар жеткізіледі. Барлық 21 мектепті арнайы кілемшелермен қамтимыз. Әр мектепке жылжымалы 3 кварц шамынан қойылады.

Қашықтан білім беруге де облыс тыңғылықты дайындалған. Енді мұғалімдерде 3 мыңға жуық бейнесабақ бар. Олар интернетте қолжетімді. Жаңа форматтағы сабақтарды облыстың 819 педагог маманы бірыңғай нұсқаулықпен әзірледі. Олар сараптамадан өткізілді.

Александр Константинов, Білім басқармасының қашықтан оқытуды ұйымдастырудың үйлестірушісі:

- Сараптама кезінде бейнесабақтардың сапасына жіті мән берілді. Дыбыс, бейне, тағы өзге де функциялар ескерілді. Ең бастысы, педагогтардың талаптарына жауап беруі маңызды болды.

Сонымен бірге өңір бойынша 1,5 млрд теңгеге 6 мыңдай компьютер сатып алынды. Осылайша мектептердің кеңсе техника паркі 50%-ке жаңарды.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы