424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея билігі қазақстандық студенттерге виза беруден тас тартты

  • 251
  • UPD: 14:42, 29.08.2020

Елуден астам қазақстандық студент Оңтүстік Кореядағы университеттерге жете алмай отыр. Олар көктемде коронавирус індеті өршіп тұрған шақта елге оралған еді. Ал жазда Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Оңтүстік Корея билігі отандастарымызға виза беруден бас тартқан.

Қазақстандық студент Екатерина Чень бірнеше айдан бері қашықтан оқып жүр. Кукмин университетін таяуда аяқтауы тиіс. Анығында соңғы семестрі қалды. Коронавирус індетіне байланысты біздің ел көктемде өз студенттерін елге қайтарған кезде Екатерина Оңтүстік Кореяда қалғанды жөн көрді.

Екатерина Чень, Кукмин университетінің студенті:

- Оқуымның төлемақысын 10 процентке өсірді. Ал сабақ болса онлайн форматта өтуде. Ақшамды далаға шашқандай сезінемін. Яғни дәл бұлай Қазақстанда да отырып сырттай оқи алар едік ғой. 

Миграциялық полицияның мәліметіне сай қазір Кореяда 589 қазақстандық бар. 403 отандасымыз Корей университетіне түсу үшін осы елдің тілін үйренуде. Көктемде Қазақстанға оралған 60 астам студент енді Кореяға жете алмай жүр. 

Әлібек Есекеев, Кукмин университетінің студенті:

- Университеттен келген шақырту қағазы да, билет те қолымда. Жоғарғы оқу орыны менімен үнемі байланысқа шығып отырады. Қазақстан елшілігімен де байланысқа шығуға тырысады. Өкінішке орай, Қазақстан азаматтарына әлі виза берілмей тұр.

Корея Университеттері қауымдастығы шетелден келетін студенттердің жағдайын түсініп, қолдау көрсетуде. Тіпті жергілікті студенттер де онлайн оқып жатқанын айтып, мәселеге түсіністікпен қарау керектігін жеткізді.  Сондықтан қашықтан тек оқып ғана қоймай,  емтихан тапсырып, диплом алу мүмкіндігі бар екенін айтты. 

Юн Мён Сук, Халықаралық алмасу бойынша корей университеттер қауымдастығының президенті: 

- Кореяда шамамен 200 мың шетелдік студент білім алады. Олардың 30 проценті бірінші семестрде Кореяға кіре алмады. Олар онлайн оқыды. Кез келген студент ұстаздарға мәселені түсіндіріп, оқуын қашықтан жалғап, қажет болса диплом жұмысын да онлайн қорғай алады.

Қазақстандық және өзге де мемлекеттердің студенттері биыл Кореяға кіре ала ма? Оны эпидемиологиялық ахуал көрсетеді. Коронавирус бәсеңдесе бәрі мүмкін. Әзірге Корея билігі індетпен күрес жүргізуде. Қауіпті вирустың тарауы толастамай тұр. Деректер көңіл көншітпейді. 

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы