158 талапкердің Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Талапкердің дайын жауапты көшіргені бейнебақылау камерасы арқылы әшкереленді. Кейбір жағдайда тест тапсырушыларға кезекші қызметкерлер жәрдемдескен. Мәселен, мына видеода маман оқушының көшіріп отырғанын денесімен жасырып тұр. Бұл видеоны Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов жариялады. Оның айтуынша, талапкерлерді камерадан тасалаған қызметкер білім беру жүйесінен шеттетіледі немесе одан да қатаң жауапкершілікке тартылады.