421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы кейбір мектепте білім беру дәстүрлі түрде жүргізіледі

  • 227
  • UPD: 15:58, 31.08.2020
Алматыдағы кейбір мектепте білім беру дәстүрлі түрде жүргізіледі

Алматыдағы 8 арнайы түзету мектеп-интернаты мен бір орта мектепте білім беру дәстүрлі түрде жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім білім ошақтарындағы бала санының аздығына байланысты қабылданды. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте  қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.

Жалпы, қала бойынша 90 мектепте 1-ші және 2-ші сыныптарға арналған 193 кезекші сынып жұмыс істейді. Мектептерде санитарлық талаптар толық сақталатын болады, дейді мамандар. Сабақтың ұзақтығы 40 минут, ал үзіліске әр сынып әр уақытта шығады.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасының басшысы:

– Алматы қаласында 8 арнайы түзету мектеп интернаттарының бастауыш сынып оқушылары оқытуды дәстүрлі түрде ұйымдастыратын болады. Себебі бұл мектептің сыныптарда оқушы шамамен 10-12 адамды құрайды. Биылғы оқу жылында осы мектеп-интернаттардың бастауыш сыныптарында 1034 оқушы 90 сынып комплектісінде білім алады. Сонымен қатар, медеу ауданындағы Сұлусай ықшамауданында орналасқан нөмірі 197 мектепте оқушы санының аз болуына байланысты оқыту дәстүрлі түрде іске асырылады.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы