420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында бес мектеп ашылды

  • 147
  • UPD: 00:18, 01.09.2020

Соның бірі – Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы 1200 оқушыға арналған орта мектеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім шаңырағы барлық қажетті замануи компьютерлік сыныптармен, сапалы білім беруге арналған оқу-құралдарымен толық жабдықталған.

Әйтей ауылындағы жаңа мектептің ашылуы ең алдымен ауыл тұрғындары мен ұстаздар үшін зор қуаныш. 1200 оқуышыға арнап салынған білім шаңырағының табалдырығын биыл алғаш рет 187 бала аттайды. Алайда, карантиндік талап ережелерге байланысты сабақ онлайн жүйесінде өтеді.

Зульфия Үмбетаева, Б.Қосынов атындағы орта мектеп директорының орынбасары:

- Онлайн білім беруде біз барлық ата-ана, балалармен қашықтан білім алуға дайынбыз. Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға біз арнайы мемлекет тарапынан берілген планшеттермен жабдықтадық. Сосын мектебімізден компютерлер бердік. Өйткені баланың білім алуы үшін біз мектептегі бос тұрған компютердің бәрін оқушыларға таратып беріп жатырмыз.

Мектеп мемлекеттік және жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында салынған. Мұнда еңбек-шеберлік сыныбы, кең асхана, лингофондық және информатика пәнін жетік оқытатын мультимедиялық сыныптар бар. Ал, ғаламтор желісі нашар ауылдарда оқушылар мектепке барып оқиды.

Майгүл Омарова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Интернет желісі жоқ жерлерде облысымызда бүгінгі күнге 145 мектеп штаттық режимде оқытылатын болады. Санитарлық нормаларға сәйкес дезинфекциялық барлық құрал жабдықтар жеткізілді. 1-4 сыныпқа ата-аналардың өтінішіне сәйкес кезекші сыныптьар ұйымдастырылатын болады.

Жалпы биыл Алматы облысында 32 білім беру нысанының құрылысы басталды. 42 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «20 қыркүйекке дейін бұл жұмыстар толық аяқталады», - дейді білім басқармасының басшылары.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы