426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

  • 182
  • UPD: 19:59, 01.09.2020
Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді Вести: Приморье

Оқу ордасында екі ауысымда 600 бала білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Түркісіб ауылындағы үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тапты. Жаңа мектеп лингофон, мультимедиялық бөлмелер, робототехника кабинеті, тігін, ағаш шеберханаларымен қамтылған. Биылғы оқу жылындағы алғашқы онлайн сабаққа бірінші және он бірінші сынып оқушылары қатысты. Дәріс барысында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы жас ұрпақтың рөлі, балаларды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеудің маңыздылығы түсіндірілді. Биыл аймақта 258 мектептің оқушылары осындай қашықтан оқыту әдісімен білім алады. Ал шалғай елді мекендердегі 180-нен астам білім ошағы дәстүрлі түрде жұмыс істейді. Қазір өңірде 21 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның 13-ін биыл ашып, пайдалануға беру жоспарда.

Бақыт Шертаева, мектеп-гимназия директорының м.а:

– Қазіргі таңда бұл мектепке 410 оқушы қабылданды. Оның ішінде 48 оқушы жаңадан мектеп табалдырығын аттап бірінші сыныптар болып отыр. Бірінші сынып ата-аналарының өтініші бойынша барлығы дәстүрлі мектепте кезекші сыныптарда оқытылады. Ауылда орналасқан Макаренко мектебі үш ауысымды мектеп болып саналады. Яғни ол жақта бала саны артық еді қазір сол мектептен балаларды ауыстыру арқылы үш ауысымды мектеп мәселесін жойдық.

Хабар 24 телеарнасы