429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық оқушылар нақты қашан мектепке барады?

  • 938
  • UPD: 14:09, 02.09.2020
Қазақстандық оқушылар нақты қашан мектепке барады?

Білім және ғылым министрі «оқушылар нақты қашан мектепке бара алады?» деген сұраққа жауап берді.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазір олар Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, арнайы жоспар әзірлеп жатыр. Соған сәйкес, оқушыларға бірнеше талап қойылады. Оның барлығы сақтық үшін жасалмақ. Министрлік әлі де әліптің артын бағады. Бірінші тоқсанды балалар қашықтан оқиды. Осы аралықта жағдай ушығып кетпесе, балалардың мектепке баруы әбден мүмкін. Одан бөлек, министр «бірінші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстемақы төленеді» деді. Магистр дәрежесі барларға енді 27 мың теңге төленеді. Одан бөлек, дәптер тексерген және сынып жетекшілігін атқарған ұстаздарға қосымша ақша беріледі.

Хабар 24 телеарнасы