426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұстаздарға сынып жетекшілік пен дәптер тексеру үшін төленетін ақы екі еселенеді

  • 447
Ұстаздарға сынып жетекшілік пен дәптер тексеру үшін төленетін ақы екі еселенеді

Бұл ұсыныс ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. 

Аталмыш шешім Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында білім саласы бойынша қозғалған тапсырмалар негізінде ұсынылды. Мұны бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Президент жүктеген тапсырмаға сәйкес сынып жетекшілік пен дәптер тексеру үшін төленетін қосымша ақы екі есе мөлшерде төленеді. Ал магистрлік дәрежесі бар ұстаздар 27 мың тг көлемінде үстеме ақы алады», – деді министр.

 

Хабар 24 телеарнасы