420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жаңа студенттік жатақхана ашылды

  • 213
  • UPD: 23:10, 02.09.2020

Талдықорғанда 288 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Салтанатты жағдайда ашылған студенттер үйі «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» және «Адами капитал - жаңғыру негізі» жолдауы аясында салынып отыр. Жобаға жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, құрылысы тоқтап қалған көпқабатты қонақүй сатып алынған. Аталған нысан толық жөнделіп, бірер жылдың ішінде қала көркін ашатын сәулетті ғимаратқа айналды.

Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың күндізгі бөлімінде 3 мыңнан аса студент білім алады. Оқу орны солардың 500-ден астамын жатақханамен қамтамасыз етіп отыр.Студенттер үйінің ашылуымен бұл көрсеткіш 800-ге жуықтайды. Әзірге жаңа ғимаратқа шалғай ауылдардан келген және балалар үйінің түлектері ғана қоныстанған. 

Аяулым Тойшыбекова, студент:

- Әкімдік грантымен оқуға түстім. Апайларым жаңа студенттер үйінде тұрасың дегенді сенбедім.Сосын өзімнің көзім жеткенде қуанышты болдым. 

Жатақханада компьютерлік кабинет, кітапхана, асхана және кинотатр қарастырылған. Қалған бөлігінде білімгерлер тұрады.

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттер альянсының президенті:

- ТМД, қытай халық республикасының, былтырғы жылы АҚШ Нью-Йорк қаласындағы ЖОО көрдім. Сонда айтарым, бұл студенттері әлемдік стандарттарға сай дамыған ЖОО кем түспейді. 

Жағажайдың жанында тұрған ғимарат 1990 жылдары салына бастаған. Кейіннен құрылысы тоқтап, аяқсыз қалған еді. 13 қабатты нысан бір жылда қайта жасалды.  

Амандық Баталов, облыс әкімі:

- Елбасы арнайы тапсырма берді. Студенттерге жатақхана салып беріңдер деп содан кейін 2 млрд 2 жүз млн жергілікті бюджеттен бөлдік. Атақты архитекторларды шақырып, сараптамадан өтіп, барлық анализдерін жасатып, керемет жатақхана болып шықты.

Жыл соңына дейін облыстағы Талдықорған медициналық және политехникалық, Бестөбе сервистік техникалық колледжінің 530 орындық жатақханалары пайдалануға беріледі.

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы