420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы жиында агросаладағы білім беру жүйесінің әлсіздігі атап өтілді

  • 107
  • UPD: 23:12, 02.09.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы» деп атап өтті.

«Ауыл» партиясының Алматы облысы бойынша филиалының активі бүгін Талдықорғандағы ауыл шаруашылығы саласына маман даярлайтын оқу орындарында болып, студенттермен, колледж ұжымымен кездесті. Жиында аграрлық саланың мамандарына деген сұраныстың жоғары болуы, отандық білім беру мүмкіндігінің жеткіліксіздігі, кәсіптік білім мекемелеріне қолдау қажет екені айтылды.

Қанат Бекеев, «Ауыл» ХДП облыстық филиалының төрағасы:

 – Халқымыздың азық-түлік қауіпсіздігіне жаңағы кепіл болатын бұл енді ауыл шаруашылық мамандарын дайындау мәселесі ғой. Кешегі Президенттің Жолдауында осы мәселеге де қатты көңіл бөлінген. Сондықтан міне біз бүгін осы колледж басшыларымен бірлесіп, жиын өткізіп, жеткен жетістіктерін көріп, бар проблемаларын тыңдап, сол бірлесіп, кадр мәселесін дайындау бойынша біраз бір жұмыс атқарамыз ба деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы