426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы жаңа мектеп онлайн-студия, STEM, инклюзия кабинеттерімен жабдықталған

  • 180
Нұр-Сұлтандағы жаңа мектеп онлайн-студия, STEM, инклюзия кабинеттерімен жабдықталған

Нұр-Сұлтан қалалық жаңа №89 мектеп-лицейінің оқушылары робототехника, 3D модельдеу, 3D анимация, веб-дизайн, құрылыс және автоматика салаларындағы жобалармен айналыса алады.

Бұл туралы білім беру мекемесінің директоры Бейімбет Мұхамедиев мәлімдеді.

«Мектебіміз Global School жобасын іске асыру арқылы техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша ерте кәсіптік бағдар беруге бағытталған. Global School - мектеп оқушыларының жеке жобаларын іске асыру хабы. Мектеп IT және STEM зертханаларымен жабдықталған, бұл балаға өз білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мектеп қашықтан оқытуға арналған көпфункционалды онлайн-студиямен жабдықталған. Мұнда мұғалімдер онлайн сабақтар, вебинарлар және тікелей эфирлер өткізе алады. Қашықтан оқытуды ескерсек, қазір мұндай студия өте қажет», – дейді №89 мектеп-лицейінің директоры Бейімбет Мұхамедиев.

Сондай-ақ бұл мектеп-лицей инклюзия бөлмесімен жабдықталған, мұнда балалар күн сайын қажетті жеке қолдау алады. Елорда әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасауға ерекше назар аударуда. Осылайша, жаңа көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында шағын және оңалту орталықтары ашылып, ипподром негізінде жабық манеж салынуда, онда балалар иппотерапиямен айналысады. Инватаксилерінің саны да екі есе өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Жаңа №89 мектеп-лицей Сауран мен №24 көшенің қиылысында орналасқан, сыйымдылығы - 1200 оқушы. Бұл мектеп №59 және №85 мектептердегі үш ауысымдық оқыту, №76 және №75 мектептердегі оқушылар санының көптігі мәселелерін шешеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1-4 сынып оқушылары кезекші топтарда оқиды. Әр мектепте санитайзерлер мен әлеуметтік қашықтық белгілері бар. Оқушылар партаға шахмат тәртібімен отырғызылады.

Хабар 24 телеарнасы