420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында орта білім беру жүйесі үш бағытта жүргізіледі

  • 222
  • UPD: 21:51, 04.09.2020

Ауылдық елді мекендердегі 311 мектепте дәстүрлі оқу үдерісі үзілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларда санитарлық қауіпсіздік мәселесі жіті бақылауда болады. 

Мектепке кіре берісте барлық оқушының дене қызуы тексеріліп, қолдарын антисептик ертіндісімен жуады. Бұл білім ордасында 462 баланы қамтитын 38 кезекші топ бар. Оқу бағдарламасы сол топтардың бір-бірімен байланысқа түспейтіндей құрылған. Әрқайсысының өз сабақ кестесі бар.  

Гүлсара Абедчанова, №1 мектеп-лицей директорының орынбасары:

– Бізде барлығы сатылап ойластырылған. Сыныптар бір-бірімен араласпайды. Балалар мектепке келгенде де, кеткенде де бір-бірімен кездеспейді. Жақындасып, топтасуға тағы болмайды. Әр сыныптың өз маршруты бар.

Балалардың мектепте болатын уақыты да шектеулі. Аптасына 4 күн оқиды. 40 минуттан 3 сабақ ғана отырады.

Ангелина Курченко, №1 мектеп-лицей оқушысы:

– Мектепте әрине қызық. Сыныптастарыңмен кездесесің. Білмегеніңді мұғалімнен сұрап алуға болады.

Сабақ өтіп жатқанда мектеп дәлізі кварц шамдармен өңделеді. Және әр сабақтан кейін кабинеттерде зарарсыздандырылады. Бетперде, дезинфекциялық заттар жеткілікті. Жақында тағы миилион тенгеге қосымша сатып алынған.

Сәния Шәріпова, №1 мектеп-лицей директоры:

– Кварц лампасы, санитайзерлер жеткілікті. Осы 38 топқа жеке кабинеттер бөлінген. Әр қабатта орналасқан. Толық санитарлық жағдай жасалған. 

Қазіргі кезде Қостанай облысында ата-аналардың өтініштерімен мектепке келіп, білім алатын балалардан 2695 кезекші топ құрылған. Онда барлық бастауыш сынып оқушыларының 48 проценті қамтылған.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы