429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті ғылым мен өндірісті байланыстырып отыр

  • 228
  • UPD: 23:18, 04.09.2020

Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Атыраудағы Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінде келелі жиын өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға ірі мұнай-газ компанияларының басшылары, ардагер мұнайшылар және университеттің оқытушылары қатысты.

Елімізде мұнайшылар дайындайтын бірден-бір жоғарғы оқу орны екі жылдан бері студенттерді өндіріспен байланыстыра оқытуды дәстүрге айналдырған. Бүгінде аталған оқу орны 36 компаниямен келісімшарт негізінде жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде жас мамандар осы жерден алған білімін өндіріспен сабақтастыруға мүмкіндік алды.

Бүгінгі мұнай-газ өнеркәсібі ең озық технологиямен жарақтандырылған. Ол өз кезегінде жас мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, геология, барлау-бұрғылау және автоматты мұнай қондырғыларын игеру халықаралық стандарттарға негізделген. Сондықтан шетелдік және бірлескен мұнай компаниялары оқу үрдісін жаңа жағдайға бейімдеуді талап етіп отыр.

Гүлзада Шәкілікова, С.Өтебаев атындағы АТМГУ ректоры:

– Біздің жоспарымыз – өңірлік университетте керекті мамандарды мұнай-газ саласына даярлап беру. Оны даярлағанда тек жай дайындау емес, индустриямен бірлесе отырып, қандай бағдарламамен оқытып, қандай сертификациядан өтуі керегін сәйкестендіріп, жұмыс істеп отырмыз.

Жоғарғы оқу орны теориялық білімді практикамен ұштастыруда кешенді бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Мұндағы болашақ мамандар 3-курстан бастап өндіріс орындарында жұмыс істейді. Шеберліктерін шыңдайды, тәжірибелерін толықтырады.

Асқар Мұнара, «КазНИГРИ» ҒЗО жетекшісі:

– Технологиялар әрқашан дамып өзгеріп жатыр. Яғни оқу әдістемелеік құралдардың бәрі сол өзгерістерге сай болуы керек. Ол – бірінші мақсатымыз. Екінші мақсатымыз – мұнай газ кешенінде жұмыс істейтін үлкен мекемелер Атырау мұнай және газ университетіне демеушілік көмек көрсетіп, әртүрлі құрал жабдықтарын ауыстырып жатыр.

Таяуда мұнайшылар университетке химиялық зертхана жасақтап берген болатын. Болашақта осы оқу орнынның базасында арнайы өндірістік полигон жасақталатын болады. Күні бүгін универсиет 36 компаниямен келісімшарт жасасқан. Бүгін тағы 3 мекемемен меморандумға қол қойылды. Мұнайшылар күні қарсаңында өткен салтанатты шарада бір топ мұнайшыларға мемлекеттік марапаттар мен министрліктің алғыс хаттары тапсырылды. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы