420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан оқушылары жасөспірімдер олимпиадасынан жүлдемен оралды

  • 101
  • UPD: 14:31, 08.09.2020
Қазақстан оқушылары жасөспірімдер олимпиадасынан жүлдемен оралды

Қазақстан құрама командасы алғаш рет информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (European Junior Olympiad in Informatics) қатысты.

Жас бағдарламашылар арасында өткен халықаралық жарыста қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетті. Биыл Олимпиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысты. Құрама команда мүшелері ұлттық жарыстар қорытындысы бойынша анықталған болатын. Сәйкесінше қазақстандық құрама команда мүшелері – информатика пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, жоғары марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Ван Ли – алтын медаль иегері (Алматы қаласындағы РФММ), Таймас Корғанбаев – күміс медаль иегері (Алматы қаласындағы № 165 мектеп-лицейі), Әділ Сұлтанов – қола медаль иегері (Атырау қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі), Рамазан Пердебай – қола медаль иегері (Карағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты).

Биыл European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы