426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ дәстүрлі оқуға оралуға қатысты ұсыныстар дайындады

  • 175
  • UPD: 20:29, 09.09.2020

Білім және ғылым министрлігі мектептерді ашып, дәстүрлі оқуға көшуге қатысты ұсыныс дайындады.

Құжат қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қарауында жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақты шешімді бас санитарлық дәрігер қабылайды. Бұл жөнінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Арнайы баспасөз мәслихатында бұдан бөлек, онлайн оқуға қатысты олқылықтар мен оған бөлінген қыруар қаржының тағдыры да сөз болды.

Оқу жылы басталмай жатып онлайн оқуға қатысты сын көбейді. Әсіресе, алғашқы күндері сабақ барысында бейәдеп видеолар қосылып, арты үлкен дауға ұласқан. Құзырлы министрлік олқылық болғанын мойындады. Бірақ қоғамның назары соған ғана ауып, біраз еңбек еленбей қалып жатқанын айтады. Мәселен, сол күні 2 миллиноға жуық онлайн сабақ өткізілген. Соның екеуінде ғана келеңсіз жағдай болды. Қазір бұған қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, ата-аналар мен балалардың да жауапкершілігін арттыру қажеттігін алға тартты.

Қазір мектеп оқушыларының 70%-тен астамы қашықтан білім алып жатыр. Осыған байланысты арнайы платформаларға жүктеме көбейіп, техникалық ақаулар болып тұрады. Осының алдын алу үшін бірер ай бұрын қыруар қаржы бөлініп еді. «Қаржы мұғалімнің үйін емес, мектепті интернетпен қамтуға қарастырылды»,- деді жауапты мамандар. Ал, еліміздегі білім ордалары 96% жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Сондықтан қашықтан оқытудағы олқылықтың себебі басқада. Бұған қоса, министрлік өкілдері онлайн платформаларға бөлінген миллиардтаған қаржы текке кетті деуге асықпады. Тіпті оған қатысты Есеп комитеті тексеріс жүргізіп, айтырлықтай мін таппғанын алға тартты.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Бізді Есеп комитеті тексерді. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілер бойынша ұсыныстар жасалды. Сонымен қата, олар білім беру жүйесін ақпараттандыруға байланысты бірқатар міндетті жүзеге асыруға арналған трансферттер туралы айтты. Бұл шамамен 27 миллиард теңгені құрайды.

Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі оқуға оралуға қатысты ұсыныстар дайындаған. «Бірақ оны бас санитарлық дәрігер бекітуге асықпай отыр», дейді.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы