420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Лавров қазақстандық студенттердің Ресейге келуіне қашан рұқсат берілетінін айтты

  • 86
  • UPD: 23:18, 09.09.2020

Астраханьдағы Қазақстан консулдығы мен Орал қаласындағы Ресей консулдығының мәртебесін бас консулдықтар деңгейіне көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде келісімге екі елдің Сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді және Сергей Лавров қол қойды.

Екіжақты кездесу Мәскеуде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісі қарсаңында өтті. Сергей Лавров қазақстандық студенттердің Ресейге келуіне қашан рұқсат берілетінін айтты.

Сергей Лавров, Ресейдің сСыртқы істер министрі:

- Көршілеріміздің бізге тезірек келуін қалаймыз, нақты мерзімі жақын арада белгілі болады. Студенттерді топтарға бөліп, апта сайын кіргізу ойымызда бар. Бір айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын.

Дипломаттар Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД, БҰҰ секілді негізгі халықаралық алаңдарда бірлесіп қимыл етудің тұстарын қарастырды. Кездесу барысында Орталық Азия және Каспий теңізі аймағындағы қауіпсіздік, коронавирус және өзге де сыртқы қауіп-қатерлерге жұмыла төтеп беру мәселелері талқыға салынды. Қазақстан Сыртқы істер министрі індетпен күресте көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін Ресей тарапына өз алғысын білдірді.

Мұхтар Тілеуберді, Қазақстанның Сыртқы істер министрі

- Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қарастырдық. Қазір Қазақстан Көкшетауда кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындалып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері әріптестігіміздің болашағы мен оны дамытудың жаңа жолдарын талқылайды.

Хабар 24 телеарнасы