426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Аризона университеті Шымкентте өз өкілдігін ашпақ

  • 3810
АҚШ-тың Аризона университеті Шымкентте өз өкілдігін ашпақ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар қос дипломмен білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс-тәжірибеден өтуі сынды бірнеше ортақ жобаны талқыға салды. Алдағы уақытта Шымкентте университеттің өкілдігін ашу ойымызда бар дейді Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холман. Меймандарға жоғары оқу орнының оқу базасы таныстырылды. Университет ішіндегі «Мұхтартану» орталығы мен тарихтан сыр шертетін мұражайға бас сұққан қонақтар ондағы жәдігерлерге таңданысын жасырмады.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

– Қазіргі таңда университет өзіміздің міндет-мақсаттарымызды жалпы кәсіпкерлік университетке баулу дағдысына көшіп отырмыз. Осыған байланысты біз университетте магистрант, доктаранттарды таза тілге оқытуға және кәсіпкерлікке баулу үшін ұзақ уақыттан бері осы Аризон университетімен екі жақты байланыста болғанбыз. Біз бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Бұл университет бізге қос дипломды, бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті шынайы дамыту мақсатында университетте кампустар жатақхана салу мәселесінде көтеріп отыр.

Нью Ли Холмон, Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі:

– Біз серіктес болғалы отырған университетке әуелі қос дипломды беру жобасын ұсынып отырмыз. Ғылымды бірлесіп дамыту бойынша да бағдарламамыз бар. Ортақ келісімге келсек, кампус, жатақхана саламыз деген жоспарымызды да айттық.

Хабар 24 телеарнасы