420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұжымдық иммунитет туралы не білуіміз керек?

  • 61
  • UPD: 17:00, 15.09.2020
Ұжымдық иммунитет туралы не білуіміз керек? фото: russian.rt.com

Коронавирустың таралуы ерте ме, кеш пе тоқтап, пандемия аяқталады.

Бірақ бұл үшін адамдардың бір бөлігі мықты қорғауға ие болуы керек. Бұл қалай жүзеге асады?

Ұжымдық иммунитет дегеніміз – аурудың таралуын тоқтататын қорғалған адамдардың белгілі бір «критикалық санына» жету.

Ол үшін адамдарда болашақта бұл инфекциямен кездескенде мықты иммунологиялық «жады» қалыптасуы тиіс.

COVID-19 жағдайында бұл қашан болатындығы әлі нақты емес. Ғалымдар ауырып кеткен адамдарда иммунитеттің қанша уақытқа созылатынын білмейді.

Вакцинация ұжымдық иммунитетке жетудің ең қауіпсіз әдісі болып саналады, бірақ ол ұзақ мерзімді және сенімді қорғанысты қалыптастырған кезде ғана, ал COVID-19 жағдайында бұл әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы