426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда ашылу рәсімін жасаған жекеменшік мектепке айыппұл салынды

  • 107
  • UPD: 21:52, 15.09.2020
Бурабайда ашылу рәсімін жасаған жекеменшік мектепке айыппұл салынды

Қауіп сейіліп, ел іші қозғала бастады. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бурабайда жекеменшік білім ошағы ашылып, салтанатқа көп адам жинаған. Енді бұл мектептің басшылығы 638 мың теңге айыппұл төлеуге тиіс. Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина осылай деп хабарлады. Бірақ жергілікті полицейлер тергеп-тексеру жұмыстарын әлі де жүргізіп жатқанға ұқсайды. Сол себепті әлде де заң бұзушылықтар анықталуы әбден мүмкін. Өйткені жоғарыда айтылған айыппұл тек карантин талаптарын ескермегені үшін ғана салынған. Айта кетейік, өткен демалыс күндері Бурабайдағы осы мектептің ашылу рәсімінде түсірілген фотосуреттер желіде жария болып, жұрттың наразылығын тудырған болатын.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Алгоритм бойынша біз тек полиция департаменті берген материалдар бойынша шара қолданамыз. Олар қазір аталған іс-шараға кімдердің қатысқанын және олардың қаншалықты деңгейде заң бұзғанын анықтап жатыр. Жалпы, шілде айынан бері осындай 551 хаттама толтырылып, кінәлі азаматтарға 36 млн теңге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы