426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электрондық кітапхана ісін дамыту керек

  • 102
  • UPD: 13:49, 16.09.2020
Электрондық кітапхана ісін дамыту керек

Елімізде электрондық кітапхананың жұмысын реттейтін заңнамалық база жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан мәдениет мәселелері туралы заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Мәжілісте жаңа заң жобаны таныстырған мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, электронды кітапхананы қалыптастыру, толықтыру және дамыту жүйесінде проблема көп.

«Әсіресе еліміздің мәдени құндылықтары мен ұлттық мәдени игілігін электронды форматта сақтау ісінде олқылық бар. Жаңа заң қабылданса, бұл кемшіліктер жойылып, оқырманның зияткерлік әлеуеті артады», – дейді министр.

Хабар 24 телеарнасы