431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда kundelik.kz платформасын 6 мыңнан астам мектеп қолданады

  • 145
  • UPD: 17:14, 16.09.2020
Қазақстанда kundelik.kz платформасын 6 мыңнан астам мектеп қолданады

Елімізде kundelik.kz платформасын 6200-ден астам мектеп қолданады.

«Kundelik.kz платформасы жаңа оқу жылына қашықтан оқитынын ескере отырып дайындалды. Өткен оқу жылындағы тәжірибеге сүйеніп пайдаланушылардың ықтимал жүктемесі есептелді. Жүйенің инфрақұрылымы 30 процентке кеңейтілді. Сондықтан біз осы оқу жылына дайын болдық», - деді «Күнделік» ЖСШ бас директоры Мұхтар Илиясов онлайн брифингте.

Ешқандай техникалық ақаулар болмағанын да айтып өтті.

«Қазіргі кезде Күнделік жобасында 6200 мектеп жұмыс істеп жатыр. Нақты айтқанда 332 601 мұғалім, 2 млн 838 563 оқушы, 2 млн 16 990 ата-ана жұмыс істеп жүр», - деді.

Хабар 24 телеарнасы