420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім беру платформалары біріге ме

  • 66
  • UPD: 17:17, 16.09.2020
Білім беру платформалары біріге ме

Қазіргі уақытта Kundelik.kz және Daryn.online платформалары бірігіп интеграция жасап жатыр.

Бұл туралы «Daryn.online» білім беру платформасының өкілі Ержан Оңалбаев ОКҚ брифингінде айтып берді.

«Қазіргі таңда кез келген қолданушы үшін ең қиыны – платформаның көптігі. Бір мектепте 4 немесе 5 платформа бар. Яғни мұғалімдер мен оқушылар әр платформаның логинін, құпиясөзін жаттауы керек. Ол өте қолайсыздық тудырады. Осы мақсатта қазір Daryn.online платформасы мен Kundelik.kz платформасы бірігіп, интеграция жасап жатырмыз. Ол қазан айының басында дайын болады. Интеграция бір логин, құпиясөзбен Kundelik.kz және Daryn.online платформаларына бірден кіруге мүмкіндік беерді. Және болашақта Daryn.online-да видеосабақтарды көріп болған соң тест орындайды, содан жинаған ұпай Kundelik.kz платформасында автоматты түрде шығып тұрады», - деді.

Хабар 24 телеарнасы