432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық түлектердің шетелде жұмыс істеуі жеңілдей түседі

  • 228
  • UPD: 23:29, 17.09.2020
Қазақстандық түлектердің шетелде жұмыс істеуі жеңілдей түседі

Қазақстан жастарының шетелде жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Келер жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар диплом беріледі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Енді қосымшада елімізде алған жоғары білімнің еуропалық біліктілік санатымен сәйкес екені міндетті түрде көрсетіледі.

Министрлік өкілінің айтуынша, Болон процесінің хатшылығы Қазақстанның сертификаттау бойынша есебін қабылдады. Осыған байланысты қазақстандық түлектердің шетел асып, жұмыс істеуі бұрынғыдан да жеңілдей түседі.

Хабар 24 телеарнасы