427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


36 қазақстандық Жоғары оқу орны гранттан айырылды

  • 338
  • UPD: 13:36, 18.09.2020
36 қазақстандық Жоғары оқу орны гранттан айырылды

Мемлекет 36 жоғары оқу орнына грант бөлмеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев хабарлады. Университет пен институттар және академиялар түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші мен «Атамекен» рейтингіндегі әлсіз позициясы негізінде іріктелді. Осылайша, мемлекет қолдауына ие болмағандардың қатарында «Астана» университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Алматы экономика және статистика академиясы да бар. Мәселен, Орталық Азия университетінде экономист түлектердің тек 30 проценті жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10 проценттен төмен. Ал Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте «Информатика» мамандығы түлектерінің 29 проценті жұмысқа орналасады. Тағы төрт мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 50 процентке де жетпейді.

Хабар 24 телеарнасы