429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин: Депутаттар білім беру мәселесі бойынша жаңа түзетулерді ұсынды

  • 348
  • UPD: 12:02, 25.09.2020
Н.Нығматулин: Депутаттар білім беру мәселесі бойынша жаңа түзетулерді ұсынды

Бүгін Палата cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, онда Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы әзірленді.

Мәжіліс білім беру мәселелері бойынша депутаттық түзетулер жобасын бірінші оқылымда қарайды.

Депутаттар әзірлеген заң жобасы білім беру процесін жетілдіруге, оның ішінде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған мониторингті жүзеге асыруға бағытталған.

Екінші оқылымда депутаттарға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңға заңнамалық түзетулер жобасын қарау ұсынылады. Сондай-ақ мәжілісмендердің талқылауына ратификациялық заң жобасы Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім енгізіледі.

Палата салалық комитетке Мәжіліске келіп түскен жаңа ратификациялық заң жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа түзетулер бойынша қорытынды әзірлеудің мерзімін тағайындауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы