427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ цифрлық жүйеге көшіп жатыр

  • 144
  • UPD: 19:04, 29.09.2020

Еліміздегі жоғары оқу орындары цифрлық жүйеге көшіп жатыр.  Мысалы, Еуразиялық ұлттық университет алдағы 2 жылға арналған цифрлық экожүйені дамытудың жол картасын бекітті.

Студенттерді қашықтан оқытуға қажетті технология енгізіп, арнайы жабдықтар сатып алған. Жаңа оқу жылына 46 онлайн курс пен 700 лекция дайындаған. Одан бөлек оқытушылар біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар білім ордасы шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, 400-ге жуық келісімшарт жасаған.  Айта кетейік, университет түлектерінің 77 проценті, ал магистратранттар мен докторанттардың 93 проценті мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан.

Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- Биылғы жылдың жаңалығы ЕҰУ комерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесіне көшуі. Мемлекеттік университеттен акционерлік қоғамға көштік. КеАҚ эндаументтер мен венчурлік қорлар құруға мүмкіндік береді. Шетелде филиал ашу құқығымызда пайда болады.

Жамбыл Тілепов, докторант:

- Университет жанынан үлкен спорт кешені ашылуда. Болашақта жас ғалымдар үйі, ғылыми лаб.кешен салынады деп жоспарлануда. Ертең университетімізде 2300 орындық студент үйдің іргетасы қалануда.

Хабар 24 телеарнасы