427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне зерттеуші мәртебесі берілді

  • 424
  • UPD: 23:25, 29.09.2020

Үкімет қаулысымен Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді. Статистикаға жүгінсек, еліміздегі 22 университетте ауыл шаруашылық мамандары дайындалады. Қазақстан секілді аграрлық мемлекетке білімді мамандар қашанда қажет. Жаңа мәртебеге ие болған оқу орнына қандай міндеттер жүктеліп отыр? 

Әлемдік тәжірибеде зерттеу университетінің табысты жұмыс істеуі үшін негізгі үш факторға көңіл бөледі. Бірінші талантты ғалымдарды тарту. Екінші, қажетті ресурстарды шоғырландыру. Содан кейін тиімді менеджментті қолдану. «Тоқсан жылдан астам тарихы бар университет басшылығы зерттеу мәртебесін алу үшін он жыл тынбай еңбек еттік» дейді.

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:

- Әлемдік инновациялық технологияларды, озық білім мен ғылымды тарту және бейімдеу зерттеу университеттерін құрудың негізгі міндеті. Мысалы, озық ғылым мен білімді тарту мақсатында біз QS әлемдік рейтингте бірінші орын алатын Вагенинген Нидерланды зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алып отырмыз.

Биыл ашылған Қазақстан-Нидерланд орталығы университеттің студенттері мен фермерлерге жеміс-жидек өсірудің қыр-сырын үйретеді. Интенсивті бақта алмұрт, алма, құлпынай, қасқыржем мен көкжидектің 40-қа жуық түрі отырғызылған.

Гүлшария Қайырова, ҚазҰАЗУ жанындағы Қазақ-Нидерланд Орталығының Жетекшісі:

- Орталықтың негізгі мақсаты ол жеміс шаруашылығындағы барлық жетістіктерді сол жерде көрсету. Сонымен қатар оқу бағдарламасын енгізу. Ол орталықта ерте көктемнен жаңағы семинарлар, тренингтер өткізіледі. Ол голландықтармен бірге өткізіледі.

Одан өзге Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Корея секілді жалпы саны 18 халықаралық зерттеу орталығы бар. АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігімен және шетелдік банктердің қолдауымен ашылған халықаралық агротехнологиялық және инновациялық су хабы жұмыс істеп тұр.

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:

- Қазіргі кездегі агробиология, бүгінгі биотехнология, бүгінгі селекция, бүгінгі генетика. Сонымен қатар биологиялық қауіпсіздік осы саладағы мамандықтарымызға ерекше көңіл бөлінеді.

Зерттеу университеті ретінде магистр және ғылым докторларын дайындауға басымдық беріледі. 2024 жылы оқу орны түлектерінің 70 проценті магистр және ғылым докторы болуы тиіс.      

Авторлар: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы