427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық ЖОО студенттері үшін қайырымдылық туралы дәрістер өткізіледі

  • 149
  • UPD: 11:30, 02.10.2020
Елордалық ЖОО студенттері үшін қайырымдылық туралы дәрістер өткізіледі

Елордалық студенттерге арналған дәрістерге спикер ретінде Экономист Олжас Құдайбергенов, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай, еріктілер қозғалысының белсендісі Данара Саранова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божаков және американдық бизнесмен және меценат Дэвид Валера қатысады.

Дәрістер қазан айында ZOOM алаңында онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлады «Арнау» даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі.

Спикерлер қайырымдылық көрсетудің жеке тәжірибесі туралы айтып, еліміздегі қайырымдылықты дамыту перспективалары туралы пікірлерімен бөліседі, саланы дамытудың негізгі трендтеріне сипаттама береді. Сондай-ақ Қазақстанда меценаттықты ынталандыру үшін өз ұсыныстарын айтатын болады.

АҚШ – Қазақстан Сауда кеңесінің президенті Дэвид Валера АҚШ-та қайырымдылық және меценаттық мәдениетті танымал етудің негізгі аспектілеріне тоқталады. Сонымен бірге америкалықтар арасында қандай әлеуметтік жобалар кең қолдау табатыны туралы әңгімеленетін болады.

Барлық дәріс презентация түрінде көрнекі материалдармен сүйемелденеді.

«Студенттерге жобаны жүзеге асыру барысы мен қайырымдылықпен айналысудың әлеуметтік маңызы туралы арнайы дайындалған бейнетаспалар көрсетіледі. Сонымен қатар сайтта орналастырылған қайырымдылық туралы ақпараттық материалдармен танысу мүмкіндігі ұсынылады», – дейді ұйымдастырушылар.

Дәрістер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы