432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕҰУ-дің жаңа жатақханасында 2045 жылғы студенттерге арналған өсиет-хат сақталған

  • 228
  • UPD: 12:25, 02.10.2020
ЕҰУ-дің жаңа жатақханасында 2045 жылғы студенттерге арналған өсиет-хат сақталған

Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйі кешені құрылысының алғашқы іргетасы қаланды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жатақхана 2361 орынға есептелген. Құрылыс «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде белгіленген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың міндеттерін іске асыру шеңберінде жеке инвестициялар есебінен жоспарланады.

«Ауданы 45 мың шаршы метр жатақхана бес қабаттан, үш блоктан тұрады. Ахмет Байтұрсынов пен Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысында салынатын болады.
Студенттер үйлерінде студенттердің жайлы тұруы, оқуы, демалуы үшін жағдайлар жасалатын болады. Үй-жайда және аумақта тамақтану орталықтары, демалыс орталықтары, спорт залдары мен алаңдары, дүкендер және т.б. болады», – деп атап өтті университет өкілдері.

Оқу орны өкілдерінің айтуынша, бұл жоба университет тарихындағы ең ауқымды жоба болады және студенттер арасында жатақханалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешеді.

Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, әкімдіктің өкілдері қатысты.

Хабар 24 телеарнасы