429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ байқауда үздік шыққан ұстаздарды құттықтады

  • 224
  • UPD: 14:30, 02.10.2020
ҚР БҒМ байқауда үздік шыққан ұстаздарды құттықтады

Бүгін елордада еліміздің үздік ұстаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

9 жылдан бері желісі үзілмей өтіп келе жатқан «Үздік педагог» байқауы ұстаздар қауымы үшін кішігірім мереге айналғандай.

Биыл оған 144 үміткер қатысты. Олар мектепке дейінгі тәрбие беру ісінің мамандары, орта білім қызметкерлері және колледж оқытушылары.

Мұғалім атаулысының қай-қайсы да құрмет-қошеметке лайық. Десе де, арнайы комиссия 64 педагогтың еңбегін ерекше бағалады. Кәсіби мереке қарсаңында мәресіне жеткен байқауда үздік шыққан ұстаздарды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады. Оларға арнайы төсбелгі мен 2 млн 778 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыс етілді.

«Қазіргідей қиын кезеңде артылған жауапкершілік жүгін сезінеміз», - дейді білім саласының өкілдері. Айта кеткен жөн, бұл күні бірқатар мұғалімнің кеудесіне білім беру саласындағы жоғары награда «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі тағылды. 30-дан астам педагог білім беру ісінің құрметті қызметкері атанды.

Хабар 24 телеарнасы