432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ел арна» мен «Балапан» арналарынан телесабақтарды жүргізетін ұстаздар төл мерекесін атап өтті

  • 198
  • UPD: 00:13, 03.10.2020

«Ел арна» мен «Балапан» телеарнасынан көрсетіліп жатқан телесабақтардың түсірілім тобы да ұстаздар мерекесін атап өтті. Ұстаздықпен қатар экранға да бейімделген мұғалімдердің еңбегі орасан. 

Елдегі ахуалға байланысты биыл оқушылар білімді бейнесабақтар арқылы қашықтан алып жатқаны белгілі. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Хабар» Агенттігі телесабақтарды түсіруге 200-ден астам мұғалім мен 100-ден аса әдіскерді жұмылдырды. Бүгінгі түсірілім алаңындағы кезекті жұмыс мерекелік көңіл-күймен басталды. 

Наталья Параскун, информатика пәнінің мұғалімі:

– Әрине басында оңай болмады. Кейін сценарий мен бейнекамера алдында тұру дегенді білдік, үйрендік. Бекітілген кесте бойынша жұмыс істегендіктен түсірілім тобының мүшесіне айналғандаймыз. Бейнесабақтың дайын үлгісіндегі ұзақтығы 10-15 минут. Алайда оны түсіруге одан да көп уақыт жұмсалады. «Хабар» Агенттігіне алғысымыз шексіз. 

Раушан Тілеубаеваның еңбек өтілі 15 жылдан асты. 5-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ береді. Негізгі пәндері: биология және жаратылыстану.

Раушан Тілеубаева, биология пәнінің мұғалімі:

- Қазіргі түсірілім жұмыстары менің көңілімнен шығады. Түсірілім кезінде біз «Хабар» арнасымен тікелей жұмыс жасаймыз. «Хабар» арнасының арнайы ұйымдастыруымен осы жерде видеотүсірілімдер жүргізіліп жатыр, барлық пәндер бойынша мұғалімдерге арнайы сабақ кестелері қойылған. Сол кесте бойынша келіп сабағымызды жүргізіп, бұл қалыпты жағдайға айналды. 

Бейнесабақ түсірілімі елорда мен Алматы қаласында қатар жүріп жатыр. Күніне шамамен 100 сабақ әзірленіп, эфирге өткізіледі. Бұл істе ұстаздықпен қатар камера алдында жұмыс істеуге машықтанған мұғалімдердің еңбегі орасан екенін атап өту керек.

Авторлар: Мирлан Алтынбек, Нұрғали Мамурбаев

Хабар 24 телеарнасы