432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР БҒМ Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айырды

  • 200
  • UPD: 13:34, 06.10.2020
ҚР БҒМ Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айырды Азаттық рухы

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қ.) бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.

Шешім 10 жұмыс күні өткеннен кейін заңды күшіне енеді, кейін жоғары оқу орны білім беру саласындағы қызметін тоқтатуға міндетті болады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Жыл бойы Академияда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, білім беру саласындағы өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, оқу процесі профессорлық-оқытушылық құраммен, өндірістік практика базаларымен, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұранысына толық сәйкес келмеді, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына да әсеретті. «Атамекен» ҚР ҰКП жүргізген рейтингбойынша Академияның білім беру бағдарламаларының шамамен 60% жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігіне осы университетте «оқыған»шетелдік студенттер де жүгінген болатын. Олар оқудың ақысын төлеген, бірақ іс жүзінде Академияда «оқымаған» болып шықты. Материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жіберілді.

«Біз Академия иелері қарсылықтанытуы мүмкін екенін түсінеміз. Олар Комитеттің шешіміне сот тәртібі бойынша шағымдануға құқылы. Біз Мемлекет басшысының сапалы білім беруді қамтамасыз етпейтін жоғары оқу орындарын жабу бойынша қойған міндеттерін іске асыруға тиіспіз. Бірінші кезекте, студенттердің сапалы қызмет алу құқықтары мен мүдделерін ескеріп жатырмыз. Оларға алаңдауға еш себептері жоқ. Білім алушылар сол қаладағы басқа жоғары оқу орындарына грантын сақтай отырып, ауыса алады, сондай-ақ ақылы негізде оқығандар үшін де оқу құны артпайды. Ауысу үшін оларға семестрдің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, біз қазірден бастап басқа ЖОО ауысуға рұқсат бердік. Сонымен қатарстуденттердің оқу нәтижелері де сақталады және ауысып барған жоғары оқу орнында ескеріледі. Бұған дейін 35 мың студенті бар жоғары оқу орны жабылғанда, барлық студенттерді басқа оқу орнындарына ауыстыру бойынша жұмыс атқарған болатынбыз, яғни мұндай тәжірибе бар. Профессорлық-оқытушылық құрамды жұмысқа орналастыру бойынша да жұмыс жүргізілетін болады», деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Қазіргі уақытта  М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында 5 мыңнан астам адам оқиды. Академияда оқу құны білім беру бағдарламасына байланысты 427 мыңтеңгеден бастап 1,5 млн теңгеге дейін.

Хабар 24 телеарнасы