429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте санитар дәрігерлер мектептерді тексерді

  • 140
  • UPD: 09:33, 07.10.2020

Шымкентте кезекші сыныптар оқып жатқан мектептерді санитар дәрігерлер тексерді. Басты назар санитарлық талаптардың қалай сақталып жатқандығы.

Мұндай жұмыстар оқу жылы басталар алдында да бірнеше рет атқарылған. Ол кезде өрескел заң бұзушылықтар болмаған.

Мамандардың айтуынша, тек ескертулермен шектелген. Оқушылардың әлеуметтік арақашықтықты сақтауы ескеріліп, бетперделерінің болуы міндеттелді. Қазір Шымкентте 3 мың 300-ден аса кезекші класс құрылған. Бұл бастапқыда білім бөлімі жоспарлағаннан әлдеқайда көп.

Клара Адырбаева,  Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ басшысының орынбасары:

- Әрине санитарлық талаптарды сақтау бойынша заң бұзушылық кездесіп жатады. Бірақ олар өрескел  емес. Бірден жойылады. Мәселен, олар контейнерлердегі антисептиктің мөлшерін уақытылы толтырылмаған, сұйық сабынмен қағаз сүлгілерді жаңартпаған. Мұндай жиі кездесіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы