427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында мұқтаж оқушылар компьютермен әлі толық қамтылған жоқ

  • 127
  • UPD: 15:30, 08.10.2020
Ақтөбе облысында мұқтаж оқушылар компьютермен әлі толық қамтылған жоқ

Ақтөбе облысындағы әлеуметтік жағынан әлжуаз отбасы балаларына арналған компьютерлер әлі күнге дейін жеткізілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспарланған 26 мың техниканың өңірге тек 4 мыңы ғана әкелінген. Облыстық білім басқармасы өкілдері «бар мәселе тасымалдаушыларда» деп отыр. Үш мердігер компанияның тек біреуі ғана жүктелген міндетті дер кезінде орындаған.

Айта кету керек, білім беру мекемелерін электрондық құрылғылармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард 800 миллион теңге, жергілікті қазынадан 900 миллион теңге бөлінді. Соған қарамастан, компьютерлер әлі күнге дейін мұқтаж оқушылардың қолына тимей отыр.

Алмагүл Толыбаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Мерзімінен кешіктіруіне байланысты ҚР Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. Айыппұл және жауапсыз жеткізушілер тізіміне енгізу үшін 6 қазанда сотқа ісі жолданды.

Хабар 24 телеарнасы